Аймақтар • 09 Шілде, 2018

 «Аbai eli» газеті латын қарпінде шыға бастады

551 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлы данышпан Абай, ғұлама Шәкәрім, кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезов туған өлкенің тыныс-тіршілігін оқырманға жеткізіп жүрген Абай аудандық «Аbai eli» газеті латын әліпбиінде шыға бастады.

 «Аbai eli» газеті латын қарпінде шыға бастады

Жақында  Абай аудандық газетіне бас редактор болып Əсет Мырзақасым тағайындалды. Əсет Медеуханұлы Абай ауданы Арқат ауылының тумасы.  Семейдегі пединституттың филология факультетін сонау 1974 жылы бітірген. Содан бері 40 жылдай мемлекеттік қызмет атқарған. Оның ішінде 16 жылдай Абай ауданының мәдениет саласында басшы қызметінде жемісті еңбек етті. Абай атамыздың тарихи жәдігер орны болып саналатын Жидебайдағы музейде де басшылық қызметте істеді. Енбегі   еленіп, мәдениет саласындағы қызметі  үшін «Республикаға еңбегі сіңген үздік қызметкер» атағын иеленді. Жыл басында республикалық «Үздік өлкетанушы» төс белгісіне ие болды.

«Біз Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай газетімізді латын қарпіне көшіруді қолға алдық. Туған жер қашан да ыстық. Сондықтан 2008 жылдан бері туған жер тақырыбындағы əдебиет саласын зерттеп,  драматург ретінде шығармашылықпен шұғылданып келемін», деді Ә.Мырзақасым,

 Əсет Медеуханұлының  «Абайдың əдеби хатшысы», «Ұлы Абай елінде», «Абай жолымен», «Абай аманаты»  атты кітаптары жарық көрген. Сондай-ақ, «Əнім мен күйім – халқыма сыйым», «Дала данышпаны Құнанбай» атты жинақ кітаптарды басып шығаруда зор еңбек сіңірді.  

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА

Суреттер автордікі

Шығыс Қазақстан облысы

Абай ауданы